Құтқарушылар Арыс қаласында суға батып кеткен жүргізушінің денесін үш күн бойы іздеді

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - 5 маусым күні сағат 23:15-те Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында «Опель» көлігінің 37 жастағы жүргізушісі көліктің руліне ие бола алмай, Көксарай су реттегішінің арнасына құлап кетіп, суға кетті.

Құтқарушылар Арыс қаласында суға батып кеткен жүргізушінің денесін үш күн бойы іздеді

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оның денесі судан 8 маусым күні сағат 12:35-те ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен шығарылды (7 адам мен 1 техника бірлігі).