Құтқарушылар Астана қаласының автовокзалында жарылғыш зат іздеді
ТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні құтқарушылар Астана қаласының автовокзал ғимаратында жарылғыш зат іздеді.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 7 қараша күні сағат 19.12-де, «102» нөміріне Гете көшесінде орналасқан елордалық сапаржай ғимаратының бірінші қабатында күдікті қораптың табылғандығы туралы хабарланды. Төтенше жағдайды жоюға шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД-ның жеке құрамының 19 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Қорапты тексеру барысында жарылғыш зат табылмады.