Құтқарушылар дәрігерлерге салмағы 150 келілік мәскеулікті ауруханаға жатқызуға көмектесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 тамыз күні аса ірі пациентті ауруханаға жатқызу үшін мәскеулік дәрігерлер ТЖМ құтқарушыларына жүгінді, деп жазды «Москва» агенттігі.
Салмағы 150 келі тартатын ер адамды ауруханаға апару қажет еді. Алайда оны көлікке жеткізудің өзі мұң болды. Дәрігерлер ТЖМ хабарласып, құтқарушыларды көмекке шақырған.