09:48, 27 Сәуір 2011 | GMT +5
Құтқарушылар Халық банкінің Алматыдағы ғимараттарында жарылғыш заттар іздеді
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше құтқарушылар Алматыда Халық банкінің екі ғимаратында жарылғыш заттар іздеді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, сейсенбі күні таңертеңгі сағат 8 жарымда «102» нөміріне Бостандық ауданы, Розыбақиев көшесі 97 және 101 мекен-жайында орналасқан «Халық банкі» АҚ-ның ғимараттарына жарылғыш заттар қойылды деген хабар келіп түскен.
Төтенше жағдай орнына дереу жеткен шұғыл әрекет ету қызметі ғимараттардан 420 адамды қауіпсіз аумаққа шығарып, арнайы іс-шараларды жүргізді.
Құтқарушылар оның барысында жарылғыш заттарды таппады.