Құтқарушылар «Наурыз» мейрамын атап өтті (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері «Наурыз» мейрамын тойлады. Әріптестерін көктем мерекесімен құттықтауға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары В.Божко, Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Беккер, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері келді.
ТЖК-ның баспасөз қызметі хабарлауынша, салтанатты іс-шара кезінде жеке құрам күшімен ұйымдастырылған мерекелік концерт өткізілген. Астана қаласындағы «Құлагер» спорт кешенінде киіз үй тігіліп, алтыбақан орнатылды, дала асханасы қойылды.
«Наурыз» мейрамын тойлау аясында армрестлинг, қазақ күресі жарыстары өткізілді.
«Наурыз - бұл өмір салтанатының мерекесі, жаңа жыл басталуының жаршысы көктемгі тепе-теңдік күні. Көктем адамдардың бойына үміт ұялатады, Наурыз қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтуға шақырады», - деп В.К. Божко өз сөзінде атап өтті.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жақсы өткізілген іс-шара мен салтанатты бағдарламаның арқасында мерекелік көңіл-күй сыйлады.