Құтқарушылар Непалда көшкін жүрген ауданнан 150 адамды қауіпсіз жерге көшіре бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непал билігі демалыс күні көшкін жүрген Гималайдың шалғай аудандарынан 150-ге жуық адамды көшіруге кірісті.

Құтқарушылар Непалда көшкін жүрген ауданнан 150 адамды қауіпсіз жерге көшіре бастады

Сенбіде басталған көшкін тау маңындағы адамдарға қауіп төндіруде, деп жазады РИА «Новости».

«Лангтан ауданында 150 адам бар, бүгінде көшкін жүру қаупі тіркелгендіктен, бұл жерден халықты көшіріп жатырмыз», - деп хабарлады DPA агенттігіне жергілікті полиция өкілі Правин Покхрел.