Құтқарушылар Сочи тұрғындарын қауіпсіз жерлерге көшіруді бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочи билігі ақ жауынға байланысты төтенше жағдай жариялап, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды 24.kz.

Құтқарушылар Сочи тұрғындарын қауіпсіз жерлерге көшіруді бастады

Мамандардың болжауынша, жақын арада Қара теңізде құйын басталуы ықтимал. Мұндай жағдайда жағадағы елді мекендер зардап шегеді.

Қазірдің өзінде қала көшелерін су басып, көлік қозғалысы қиындаған. Сочи әуежайында 7 ұшақ жоспарлаған сапарын кейінге қалдырды. Теміржол қозғалысы да шектелді. Құтқару жұмыстарына жүздеген маман мен жүзден аса техника жұмылдырылған.