Құтқарушылар суға кеткен 2 адамның денелерін тапты - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - 10 маусым күні суға батып кеткен 2 адамның мәйіттері жер бетіне шығарылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Құтқарушылар суға кеткен 2 адамның денелерін тапты - ҚР ТЖМ

Дүйсенбі, 11 маусым күні Алматы облысы, Талғар қаласындағы жасанды су қоймасына бір күн бұрын батып кеткен ер адамның мәйіті табылды.  Оның денесі ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің 3 адамы мен 1 техникасының көмегімен шығарылды.

Өткен тәулікте Қостанай облысының Қараменді кентінен 70 шақырым жерде 10 маусым күні қазандыққа батып кеткен 1960 жылғы балықшының мәйіті табылды. Оның денесі жер бетіне ҚР ТЖМ Қостанай облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің 3 адамы мен 1 техникасының күшімен шығарылды.