Құтқарушылар суға шомылу маусымында қазақстандықтардың қауiпсiздiгiн сақтауға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар суға шомылу маусымында қазақстандықтардың қауiпсiздiгiн сақтауға дайын. Бұл туралы бүгiн брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлiм еттi.
None
None

Оның айтуынша, министрлiк суда құтқару қызметтерінің жалпы штаттық саны 911 бiрлiк 58 суда құтқару станциясының, 22 құтқару бекетінің, 13 сүңгуір авариялық-құтқару жасақтары мен 7 маневрлеу-іздеу топтарының жеке құрамын жоғары әзірлікке келтірді.

Суда құтқару қызметтері су айдындарындағы төтенше жағдайларға жедел ден қою және 2014 жылғы суға шомылу маусымы кезеңінде шұғыл режимдегі жұмыс үшін 140 бірлік автомобиль және құтқару техникасын, 440 бірлік жүзу құралын, 1374 бірлік сүңгуір жабдығы мен жарағын дайындады, жанар-жағармай мен азық-түлік өнімдер қорын жасады.

«Бұдан өзге Төтенше жағдайлар департаменттері 2014 жылғы суға шомылу маусымы кезеңінде адамдардың су айдындарында қаза болуына жол бермеу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірледі және олар жергілікті атқарушы органдармен, ішкі істер департаменттерімен, білім беру, денсаулық сақтау, ішкі саясат, дене шынықтыру және спорт басқармаларымен келісілді», - дейдi ол.

Ведомство мәлiметi бойынша, еліміздің су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін арттыру, оқыс оқиғалар санын азайту, адамдардың судағы қауіпсіз демалысын ұйымдастыру бойынша жұмысты белсендендіру мақсатында суда құтқару қызметтері 11 696 су айдынын тексерді. Суға шомылуға арналған 480 демалыс орны белгіленді, онда судың түбін қауіпті заттардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

«Облыстар, қалалар мен аудандар төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырыстары өтті, онда азаматтардың су айдындарында қаза болуына жол бермеу бойынша іс-шаралар, оның ішінде су айдындарында, демалу орындары мен балалар лагерьлерінде қалалық, аудандық және ауылдық әкімдіктер өкілдері ішінен адамдар өмірінің қауіпсіздігіне жауапты адамдар белгіленеді», - дейдi Р. Иманқұлов.

Соңғы жаңалықтар