01:45, 01 Маусым 2016 | GMT +5
Құтқарылған үкінің балапанына «Балақай» деген ат қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарлық орманшылар үкінің балапанын құтқарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Усолка шағын ауданындағы «Жеті ағайын» мешітінің маңында қала тұрғындары үкінің балапанын тауып алып, бізге хабарласты. Қанаты қатаймаған балапан ұядан құлап түсуі ықтимал. Біз оны Ақсу қаласындағы жас натуралистер стансасының қарамағына тапсырдық», - дейді қалалық орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Аждар Жүсіпов.
Бұған дейін сегіз ай бойы бірқазанды күтіп, еркіндікке жіберген жас натуралистер стансасының директоры Жантоты Ақышеваның айтуынша, балапанға «Балақай» (Малыш) деген ат берілген.
«Балапан күніне 200 грамм таза ет жейді. Оның жағдайы жақсарып қалды», - дейді ол.