Кувейт компаниялары Парсы жағалауы елдерінен 2011 жылы Қазақстанда өтетін 7-ші қысқы Азия ойындарына саяхатшылар тартады - «Yellow Cards» компаниясының президенті
Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан ІV Қазақстандық инвестициялық саммитте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз 2011 жылы Алматы мен Астанада өтетін VII қысқы Азия ойындарына Парсы жағалауынан саяхатшылар тартамыз. Оларға виза алу, саяхат жасайтын жерде күтіп алу, қонақүйге орналастыру сияқты түрлі қызметтерді жүзеге асырамыз. Сондай-ақ Парсы жағалауы мен Таяу Шығыс елдерінде жетінші қысқы Азия ойындарын жарнамалау науқанын жасауға дайынбыз. Азияда бойынша біздің негізгі кеңсеміз Кувейтте болады», дейді «Yellow Cards» туристік компаниясының президенті Мухаммед Атуи. Оның айтуынша, қазір қазақстандық әріптестерімен туризм және ақпараттық технология салаларында келісімдерге келген. Енді өзге салалар бойынша да келіссөздер жүргізіп жатыр. Кувейт компаниялары сонымен қатар, 2011 жылы Астанада 7-ші Ислам конференциясын ұйымдастырмақ.