Кувейт меценаттары сириялық босқындарға 400 млн. доллар жинап бермек

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Кувейттің коммерциялық емес ұйымы сириялық босқындарға көмек ретінде 400 млн. доллардан астам қаржы беруге уәде етті, деп хабарлады ВВС.

Кувейт меценаттары сириялық босқындарға 400 млн. доллар жинап бермек

Сирия мәселесіне арналған меценаттардың халықаралық конференциясы ертең өтеді.

Айта кетерлігі, БҰҰ мәліметтері бойынша шамамен үш жылға созылған азаматтық жанжал салдарынан 4 млн. сириялық өз елінде босқынға айналса, тағы 2 миллионы шетелге бас сауғалауға мәжбүр болды. Ал ел ішіндегі босқындардың басым бөлігі Сирия шекарасына тақау орналасқан лагерьлерде өте ауыр жағдайда өмір сүруде.