Кувейт пен БАӘ мұнай бағасы бойынша ресей-саудиялық консультацияға түсініктеме берді

АБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Кувейт пен Біріккен Араб Әмірліктері екі ірі мұнай өндірушілері - Сауд Арабиясы мен Ресейдің мұнайдың әлемдік бағасын тұрақтандыруға қатысты консультациясын мақұлдады.

Кувейт пен БАӘ мұнай бағасы бойынша ресей-саудиялық консультацияға түсініктеме берді

Кувейттің Мұнай министрі міндетін атқарушы Анас әл-Салех Сауд Арабиясы мен Ресей арасындағы мұнай нарығы туралы консультациясын мақұлдайтынын және нарықта теңгерімге қол жеткізу үшін оның нәтижелерін қолдайтынын атап өтті.

«Консультациялар нарықты реттеу және тұрақтандыру үшін ОПЕК негізгі мүше елдер мен Ұйымға кірмейтін мұнай өндіруші елдер арасындағы ынтымақтастық аясында өтіп жатыр», - деді ОПЕК өндірушілері арасында бесінші орын алатын БАӘ Энергетика министрі Сухэйль әл-Мазруи. Сонымен бірге, БАӘ министрі РФ мен Сауд Арабиясының «позитивті қадамын» қолдайтынын білдірді.

Әмірліктер мұнай нарығындағы теңгерімге қол жеткізуге бағытталған қандай да бір ортақ күшті қолдау және көмек беруге қызығушылық танытып отыр, деді Сухэйль әл-Мазруи.