Кувейт Тегерандағы елшіні кері қайтаратын болып шешті

Кувейт үкіметінің мәлімдемесінде елшіні кері қайтару екі елдің дипломатиялық қатынастарына қалай әсер ететіні нақтыланбайды, деп жазылған хабарламада.
Тегеранда сауд елшілігіне жасалған шабуыл Эр-Риядтағы белгілі шейіт уағыздаушысын өлім жазасына кескеннен кейін орын алды. Сауд Арабиясы өз дипмиссиясына шабуылдан кейін Иранмен дипломатиялық қатынасты үзіп, ел арасындағы сауда байланыстары мен әуе қатынастарын тоқтатқаны туралы мәлімдеді.
Оны бірқатар Африка және Таяу Шығыс мемлекеттері қолдады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Тегеранды ел аумағындағы дипломатиялық миссияны тиімді қорғауға шақыра отырып, елшілікке жасалған шабуылды талқылады.
Сауд Арабиясы - Таяу Шығыстағы бас сүннит державасы, Иранда шейіт режімі билік етеді. Эр-Рияд пен Тегеран Сирия мен Йемендегі қақтығыстарда қарсы жақты қолдайды.
БҰҰ, АҚШ, Түркия өңір елін ұстамдылыққа шақырды.