Кувейт үкіметі қызметінен кетті
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Кувейт мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, әмірлік үкіметі толық құрамында қызметінен кеткен, деп хабарлады Би-Би-Си.
«Шенеуніктер электоратттың қалауына сәйкес жаңа үкіметті таңдауға жаңадан сайланған ел парламентіне мүмкіндік беру үшін мемлекеттік лауазымдарымен қоштасады», - Reuters агенттігі министрлер кабинетінің мәлімдемесін келтірген.
Қызметтен кету себептерінің бірі 2 ақпандағы мерзімінен бұрын парламент сайлауында исламистердің оппозициялық партиясының жеңіске жетуі болды.
Бұрынғы парламентті Кувейт әмірі 2011 жылғы желтоқсанда мемлекеттегі күшті саяси дағдарыстан кейін таратқан болатын.