Кувейтте корольдік отбасының мүшесі өлім жазасына кесілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кувейтте өлім жазасына кесілген жеті адам, соның ішінде корольдік отбасы мүшесі - ханзада Файсал Абдулла аль-Джабер аль-Сабах өлтірілді.
Ол қару-жарақты заңсыз иеленіп, адам өлтіргені үшін кінәлі деп табылған еді, деп хабарлады сәрсенбі күні interfax.ru KUNA мемлекеттік агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік дерегіне сүйенсек, өлтірілгендердің арасында Кувейт, Бангладеш, Филиппин, Эфиопия және Египет азаматтары болған. Кувейт азаматшасы күйеуінің екінші әйел алатындығы туралы шешімінен соң, тойдағы 40 әйел мен баланы өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген еді.