11:54, 13 Наурыз 2020 | GMT +5
Кувейтте коронавирусқа байланысты үкіметтік ведомостволар мен банктер жұмыс істемейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кувейтте 12-26 наурыз күндері коронавирустың таралу қаупіне байланысты үкіметтік ведомостволар мен банктер жұмысы тоқтады. Бұл туралы министрлер кабинетінің ресми өкілі Тарек Аль-Музрам мәлім етті, деп хабарлайды KUNA кувейт агенттігі.

«Кувейт үкіметі сәрсенбі күні кезектен тыс сессияда бейсенбіден бастап барлық үкіметтік ведомостволардың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Олардың жұмысы жексенбі, 29 наурызда қалпына келтіріледі», - делінген хабарламада.
Үкіметтің бұл шешімі - мемлекеттің Covid-19 коронавирусының таралуына қарсы шарасы.
Бұдан бөлек, Кувейт банк қауымдастығы елдегі банктердің осы кезеңде жұмыс істемейтінін хабарлады.
Әр провинцияда банктің тек бір филиалы жұмыс істейді. Онлайн-банкинг пен банкоматтар қалыпты режімде жұмысын жалғастыра береді.
Кувейтте 75 адам коронавирусқа шалдыққан.
Фото: Xinhua / Global Look Press