00:26, 21 Наурыз 2013 | GMT +5
Кувейтте Құранды жақсы білетіндер марапатталады
АСТАНА. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Кувейтте қасиетті Құранды терең меңгерген және оны ең үздік оқитындарға осы елдің уақыптар және ислам істері министрлігінің жыл сайынғы жүлдесі берілетін болды.

IslamNews ақпарат агенттігі хабарлағандай, аталмыш министрлік басшысының орынбасары Әділ әл-Фәлақтың айтуынша, марапаттау шарасы сәуірдің 3-і күні басталып, бір аптаға созылмақ. Осынау діни маңызы бар мәдени шараға Кувейт шейхы әрі әміршісі Сабах әл-Ахмет әл-Жабер ас-Сабах мұрындық болған.
muslim.kz сайтының жазуынша, жарысқа әлемнің 50 елінен 91 адам қатысып, бақ сынайды.
Жарыстың кезеңдері: 1) Құранды толық жатқа білу; 2) Құранның жеті қырағатын меңгеру; 3) тәжуид (дұрыс оқу); 4) Құран бойынша үздік hi-tech жобасы.