Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясы Қазақстанға рейстер ашады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұндай шешім Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес қабылданып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясы Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында Airbus A320/A20N әуе кемесімен аптасына 2 рет (сәрсенбі және жексенбі) тұрақты рейстер орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады»,-делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Аталған шешім екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.


Соңғы жаңалықтар