Кувейттің жаңа премьер-министрі тағайындалды
ЭЛЬ-КУВЕЙТ. ҚазАқпарат – Шейх Ахмад ан-Наваф аль-Ахмада ас-Сабах Кувейттің жаңа премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kuwait Times-ке сілтеме жасап.
Жексенбіде Кувейт әмірінің ұлы Ахмад ан-Навави ел әмірі кеңсесінің жарлығымен Кувейт үкіметінің басшысы болып тағайындалды, осылайша уақытша премьер-министр шейх Сабах әл-Халидті қызметінен босатты.
Ахмад ан-Наваф осы тағайындауға дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары және ішкі істер министрі қызметтерін атқарған. Жаңа тағайындалған премьерге жаңа министрлер кабинетін құру тапсырылды.
Кувейттің бұрынғы премьері Сабах аль-Халид жергілікті парламент – Кувейттің Ұлттық жиналысы тарапынан келіспеушіліктерге тап болды. Үкімет пен парламент арасындағы текетірес аясында ол 2019 жылдан бері төрт рет отставкаға кеткен болатын, деп хабарлайды Asharq Al-Awsat.
Фото: kuwaittimes.com