«Күйеуі ұрған»: жоғалып кеткен экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның жақындары оның қандай зорлық көргенін айтты

судья
Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан

АСТАНА. KAZINFORM – Айгүл Сайлыбаеваның ағасы Қанат Майлыбаев әпкесі 3 маусымнан бастап байланысқа шықпағанына алаңдаулы. Ол ҚР СІМ Айгүлдің отбасына визалық қолдау көрсеткенін, олар дүйсенбіде Германия тарапынан визаны ресімдеуге жауап алуды асыға күтіп отырғанын атап өтті. Айгүлдің досы мен әпкесі жұбайы мен енесі оған қысым көрсетіп, кішкентай қызын тартып алғысы келетінін де жасырмай айтты.

Жақындары айтқандай, Айгүл Сайлыбаева заңгерлер отбасынан шыққан. Әкесі – отставкадағы судья, ал анасы – адвокат. Айгүл ҚазМУ-дың заң факультетін үздік бітіріп, «Болашақ» стипендиясын иегері атанған. Астана аудандарының бірінде және басқа да мемлекеттік ведомстволарда судья болып жұмыс істеген.

Қанат Сайлыбаевтың айтуынша, ол Германияда жұбайы Александр Донцовпен, қызымен, қайын енесі Наталья Донцовамен бірге тұрады. Бес күн бұрын Айгүл хабарламаларға жауап беруді тоқтатқан. 

судья
Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан

«Анам Айгүл қызын балабақшадан үйге алып бара жатқанда, яғни 3 маусымда сөйлесіпті. Келесі күні, 4 маусымда байланыс тоқтады. Тіпті, хабарламалар жіберілмеді. Мұндай жағдай ешқашан болған емес. Күйеуіне, қайын енесіне қоңырау шалдық, олар жауап бермеді. Түнде жұбайының ағасы Владимир Донцов жауап беріп, Айгүлдің қызын қайын енесімен бірге апарып тастап, бір жерге кеткенін айтты. Кейінірек қайын енесі жалғыз оралған. Александрдың өзі әйелінің қайда екенін білмейді», - деді Қанат Сайлыбаев.

Ағасы көп ұзамай Айгүлдің отбасы Қазақстанның Германиядағы консулдығына жүгінгенін айтты.

«Александр Донцов полицияға жұбайының жоғалғаны туралы мәлімдемеген. Адамның жоғалуы туралы қылмыстық іс қозғалды. Жоғалғаннан бірнеше күн өткен соң Александр қоңырауларға жауап бере бастады, бірақ Айгүлдің қайда екенін білмейтінін айтты. Қайын енесі Наталья Донцова маған жауап берді. Әңгімелердің бірінде ол кінәлі емес екенін және Айгүлдің қайда екенін білмейтінін мойындады. Бұдан кейін қайын енесі мүлдем байланысқа шықпады», - деп қосты Қанат Сайлыбаев.

Оның айтуынша, Александр Донцов – Қазақстандағы банк жүйесінің бірінде директор болған лауазымды азаматтың немересі. Ол Айгүл жоғалып кеткеннен кейін біраз уақыт өткен соң кезінде абыройы дүркіреп тұрған Александр Донцовтың үлкен әжесі Александрдың кәмелетке толмаған қарындасымен бірге Қазақстаннан шұғыл кетіп қалған.

судья
Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан

Айгүл Сайлыбаеваның досы Малика Такенова студент кезден бастап онымен дос болғанын және оны жауапкершілігі мол адам ретінде білетінін атап өтті.

«2019 жылы Айгүл Александр Донцовқа тұрмысқа шықты. Айгүл жұбайы екеуінің арасында алғашқы кикілжің 2021 жылы Ресейден Германияға көшіп, енесі Наталья Донцовамен бірге тұра бастағанда басталғанын айтты. Александр докторантурада оқып жүріп, отбасын бар жағынан қамтамасыз етті. Александрдың Айгүлге деген көзқарасы өзгере бастады. Ерлі-зайыптылар жиі ұрыса бастады», - деп атап өтті Малика Такенова.

Ол досының аз сөйлесе бастағанын және өзін нашар сезінетініне шағымданғанын, депрессия туралы айтқанын жеткізді. 

судья
Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан

«2023 жылдың желтоқсанында ерлі-зайыптылар қызымен Алматыға ұшып келді. Біз Айгүлмен аз уақыт жолықтық. Мен оның күйеуі уайымдайтынын айтып, асығып кеткеніне назар аудардым. Айгүл жұбайының агрессивті болып бара жатқанын айтты. Тіпті осы жылы Айгүлді ұра бастаған. Ал бұған дейін күйеуі қорлап келген», - деп нақтылады ол.

Малика Такенованың айтуынша, консулдық қызметкерлер Александрдан анасы Наталья Донцова Айгүл жоғалып кетпес бұрын оның заттарын жинағанын, ал Александрдың өзі әйелінің ақшасы мен құжаттарын алғанын білген.

Сондай-ақ, жоғалған адамдардың жақындары Донцовтар отбасының бірнеше азаматтығы бар деп санайды. Соның ішінде Қазақстан, Германия, Ресей, Украина және грин-карта да бар. 

«Айгүл Александр еш ескертпестен Ресей азаматтығын алу үшін өзінің және қызының құжаттарын тапсырғанын айтты. Досым бұл туралы тек азаматтық алудың сұхбаттасу кезеңінде білген. Айгүл енесі мен жұбайы қызын алып кеткісі келеді деп қорқады. Наталья Донцова әр түрлі сылтаумен Айгүлден қызды өзіне қалдыруды өтінген. Айгүл ажырасуды жоспарлады, бірақ қызын өзімен бірге алып кеткісі келген. Ал Александр мұны бопсалады, Айгүл қызының қасында тұру үшін айтқанының бәрін жасады», - деді Малика Такенова.

Айгүл Алматыға келген кезінде әпкесі Жұлдызай Aбудбайдовамен де сөйлесіп, сырын айтқан. 

судья
Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан

«2024 жылдың 6 ақпанына дейін мен Айгүлдің жағдайы жақсы деп ойладым. Бірақ кездесуде ол маған Александрдың қыздың барлық құжатын алып, үйден тыс жерде жасырғанын, баласымен бірге үйден шығуға тыйым салғанын, жақындарымен сөйлесуіне жол бермейтінін айтты. Оның айтуынша, күйеуі Айгүл артық нәрсені айтады деп қорыққан. Мен оған Қазақстанда қалуға кеңес бердім, бірақ ол бала үшін Германияға ұшу керек деді. Мұнда қызымен бірге бола алмайды, өйткені жұбайы баланы Германия полициясына ұрлап әкеткенін мәлімдей алады. Менің «Жалғыз ұшудан қорықпайсың ба?» деген сауалыма ол көп нәрсені білетінін, сондықтан олар оған ештеңе жасай алмайтынын айтты», - деп қосты Жұлдыз Абудбайдова.

судья
Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Kazinform тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, бұл іс Германиядағы қазақстандық дипломаттардың бақылауында екенін айтты. Жергілікті полиция іздестіру шараларын бастады. Консул Айгүлдің туыстарымен тұрақты байланыста.

Соңғы жаңалықтар