Күйеуін шынжырмен байлап тастаған әйел оның ажал құшуына себепкер болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Саяногорск қаласында тұратын әйел күйеуінің арақ ішпесі үшін шынжырмен байлап тастаған. Салдарынан ер адам ажал құшты, деп хабарлайды өңірлік ТК тергеу басқармасынан.
Тергеушілердің айтуынша, әйел жұмысқа кетер алдында металл шынжырдың бір ұшын радиаторға байлап, екінші ұшымен күйеуін мойнынан орап, құлыптап тастайтын болған. Байқұстың тіпті орнынан қозғалуға да шамасы келмеген.
Бір күні жұмыстан оралған әйел ерінің о дүниеге аттанып кеткенінің үстінен шыққан.
Оның айтуынша, күйеуі көп ішкен, еш жерде жұмыс істемеген. Кейде достарын аралап, апталап жоғалып та кеткен. Сондықтан тағы да араққа салынып кетпесі үшін осындай тірлікке баруға мәжбүр болған көрінеді.
Әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды.