04:03, 22 Наурыз 2014 | GMT +5
Қуырылған тағам мен семіздіктің байланысы жоқ - ғалымдар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка ғалымдары қуырылған тағам мен семіздіктің арасында еш байланыс жоқ деп есептейді. Ғалымдар бұл пікірлерін British Medical Journal ғылыми басылымында жариялаған.
Мамандар 9623 әйел адам мен 6379 ер адамды қатыстырып, арнайы тәжірибе өткізген. Зерттеу барысында олар семіздікке генетикалық тұрғыдан бейім келетін адамдар ғана шалдығады деген қорытындыға келді. Сондай-ақ тәжірибе кезінде дені сау адамдар қуырылған тағамдармен тамақтанса да семіздікке шалдықпаған.