Күйші Ырысбек Сыдықнәбиұлы дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі күйші Ырысбек Сыдықнәбиұлы 34 жасқа қараған қыршын шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды kazaitys.kz.
None
None

Әсіресе, Алтай, Тарбағатай күйлерінің этнографиялық болмысын бұзбай, шертетін шебер күйші Ырысбек қазақ күйін құлағымен алған санаулы күйшілердің бірі еді. Бұрынғы шорсаусақ шалдардың күй шертісін де салатын.

Ырысбек 1982 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесі Алтай қаласы Шеміршек ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақстанға оралған.

Соңында жары, кішкентай екі ұлы қалды.

«Білікті маман, кісілікті азаматтың жаны жәннатта болсын деп дұға қыламыз. Ата-анасы, отбасы, жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Алла алдыңнан жарылқағай!», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар