Құйынның кесірінен үш адам жоғалып кетті
АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Италияның оңтүстігінде алапат құйын соғып, 20-дан астам адам зардап шекті. 3 адам із-түссіз жоғалып кеткен.
Теңізден көтерілген күшті дауыл Таранто қаласындағы «Ilva» зауытын қиратты. Қатты жел кемежайда тұрған кранды құлатты. Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге ондаған құтқарушы жұмылдырылды. Күні кеше алапат циклон салдарынан Тоскана аймағының Флоренция қаласын су басты. Ал таулы аймақтарда төпелеп жауған нөсер лай көшкінге ұласты, деп хабарлайды BAQ.kz.