Күйзеліс тұқым қуалайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцвария мен Ұлыбритания ғалымдары күйзелістің тышқандардың зат алмасу процесіне әсерін зерттеп, оның тұқым қуалайтынын зерттеді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Күйзеліс тұқым қуалайды

Ғалымдардың жұмысы Nature Neuroscience басылымында жарияланды және онымен medicalxpress.com сайтында танысуға болады.

Зерттеушілер жарақат алған ересек тышқандардың микроРНК процестерін дені сау мақұлықтардың жасушаларымен салыстырды. Оның нәтижесінде күйзелістің қандағы, ми мен ұрықтағы микроРНК топтарына әсерін зерттеп, олар бақылауға алған тышқандарда бұл процесттер өзгерістерге ұшырайтынын анықтады.

Бұдан кейін ғалымдар тышқандардың келесі екі ұрпағын тексеріп, оларға күйзеліс жағдайлары енелерінен кейінгі ұрпақтарына берілетіні белгілі болды. Кейінгі ұрпақ мұндай күйзеліске ұшырамаса да ата-тектен берілетін күйзелістік белгілері сақталатыны анықталды. Бұл ұрпақтарда метаболизм бұзылып, инсулин деңгейі және қандағы қант мөлшері дені сау жәндіктерге қарағанда аз болып шықты. Тышқандардың үшінші ұрпағында да осындай күйзелістік көңіл күйдің салқыны байқалған.

МикроРНК - -қысқа РНК, онда 22 нуклеотидтер бар, олар амин қышқылдарынан ақуызды синтездеуді реттеуге қатысады. Ғалымдар жас кезінде алған жарақаттар тышқандар есейгенде олардың зат алмасу процестеріне әсер етіп, тұқым қуалай отырып, үшінші ұрпаққа дейін берілетінін дәлелдеді.