Кузбаста жүк пойызы мен ПАЗ автобусы соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 13 ақпанда, таңғы сағат жетіде Кемерово облысы Беловский ауданында темір жол торабында апат болды. Жол қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, келеңсіз оқиға "Виноградовский" учаскесінің технологиялық жолының торабында орын алды.

 Кузбаста жүк пойызы мен  ПАЗ автобусы соқтығысты

Мұнда жүк тиелген пойыз "ПАЗ" автобусын соқты. Қазір апат орнында тиісті жұмыстар жасалып жатыр. Оған өрт сөндірушілер мен тәртіп сақшылары жұмылдырылды, деп жазды planet-today.ru.