Күзде туғандар ұзақ өмір сүреді

АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Қыркүйек пен қараша айлары аралығында туған сәбилердің жүз жасау мүмкіндігі жоғары. Чикаго университеті дәрігерлерінің жуырда жарық көрген зерттеуінің қорытындысы осындай.

Күзде туғандар ұзақ өмір сүреді

Ғалым Леонид және Наталия Гаври­ловтар 1880-1895 жылдары АҚШ-та туылған 1500 адамның мәліметтеріне тал­дау жасаған. Бұл адамдардың бәрі - 100 жасағандар. Зерттеудің нәтижесінде олардың денінің күзде туылғаны белгілі болды. Сонымен бірге, аз ғана топтың наурыз, мамыр, шілде айларында туғаны есепке алынды. Гавриловтардың айтуын­ша, көктемгі инфекциялар адам ден­саулы­ғына кері әсер етеді. Сол себепті көктемде дүниеге келген сәбилердің жүз жасау ықтималдығы өте төмен. Ал ұзақ жасау үрдісі, негізінен, қыркүйек пен қараша айлары аралығында туған адамдар арасында байқалып отыр.

Алаш айнасы