12:00, 09 Шілде 2013 | GMT +5
Күзде Үкімет қарауына жаңа спорт және дене тәрбиесі бағдарламасы ұсынылады
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Күзде Үкімет қарауына жаңа спорт және дене тәрбиесі бағдарламасы ұсынылады.
Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов айтты.
«Бүгінгі таңда біз «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына сәйкес жұмыс істеудеміз. Біз Үкімет алдына, бірінші кезекте базалық спорт түрлерімен байланысты барлық мәселелер көрініс табатын өз бағдарламамыздың болуы қажеттігі туралы мәселені шығарамыз. Бұл бағдарламаны біз күзде Үкімет отырысында таныстырамыз», - деді агенттік басшысы.