Күздің алғашқы күндері ауа райы қандай болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1-3 қыркүйек аралығында ел аумағында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күздің алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температуралық фон +23...36 градус шамасында болады.
Аптаның ортасында республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Найзағаймен бірге жауын-шашын болады, екпінді жел соғады. Бұршақ түсіп, ауа температурасы төмендейді. Елдің солтүстік жартысында +17...28 градусқа дейін суытады.