Күзетшілер Неймарды құтқарып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия құрамасының бір жанкүйері команда шабуылшысы Неймарды құшақтауға әрекеттенген, бірақ оны футболшының күзетшілері тоқтатты.
Видео YouTube-те - sntv - inside every story арнасында жарияланды.
Команда автобустан түсіп, өздері орналасатын отельге бар жатқан кезде фанаттардың бірі «Барселона» шабуылшысына жолындағыларды қаға-маға тұра ұмтылады. Ол Неймарды қуып жетіп, оны құшақтап үлгерді. Бірақ күзетшілер қонақ үйге дейін атақты футболшының ізінен қалмай келген әлгі жанды сүйреп әкетті.