Күзгі науқан: Алматыда 150 мың көшет отырғызылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматылық көгалдандырушылар жасыл желектерді отырғызу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

 Алматыда 150 мың көшет отырғызылды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қазір қалада 150 мың көшет отырғызылады. Маусымның соңына дейін тағы 132 мың ағаш отырғызу жоспарда.

 Алматыда 150 мың көшет отырғызылды
Фото: Алматы әкімдігі

Көгалдандыру жұмыстары негізінен жасыл желектер саны жеткіліксіз аудандарда және тиімді суару инфрақұрылымы бар жерлерде жүргізіліп жатыр.

Бұл бастаманың негізгі мақсаты – жасыл желектердің тіршілік ету деңгейін арттыру ғана емес, сонымен қатар Алматының жасыл қорын сақтау және кеңейту, бұл экологиялық жағдайды жақсартуға және қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.

 Алматыда 150 мың көшет отырғызылды
Фото: Алматы әкімдігі

Көшеттердің тіршілік ету деңгейін арттыру және ғылыми ұсыныстар алу мақсатында арнайы ұйымдармен бірлескен жұмыс қолға алынды. Атап айтар болсақ, Қазақстанның Бас ботаникалық бағы мен Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ бар. Ғылыми ұсыныстарға сәйкес, күзгі-қысқы кезеңде көшеттерді тек жабық топырақпен отырғызу қажет, ал аязды температура кезінде отырғызу орындарына тасымалданған топырақ қолданылуға тиіс. 

«Отырғызу кезінде көшеттердің ең төменгі температурасы: жапырақты ағаштар үшін -8°C дейін, ал қылқан жапырақты ағаштар үшін -15°C дейін болуы керек», – деді Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ Орман және жасыл желектерді қорғау секторының жетекшісі Нұржан Мұхамадиев.

 Алматыда 150 мың көшет отырғызылды
Фото: Алматы әкімдігі

Жаңа стандарттарға сәйкес, жапырақты көшеттердің биіктігі кемінде 2,5-3 метр, ал қылқан жапырақты өсімдіктердің биіктігі кемінде 2 метр болуы керек. Отырғызу кезінде топырақ құрамы шарттарын сақтау да маңызды, бұл ағаштардың өмір сүруін жақсартады.

«Үздіксіз суарумен қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 187 шақырым жерде 58 учаскеде автосуару жүйесі салынды, 110 км тамшылатып суару жүйесі тартылды, қосымша 220 мыңнан астам жаңа ағаштарды қамтитын 11 скважина жасалды. Қабылданған шаралардың арқасында қала суды пайдалануды оңтайландырып, суару тиімділігін арттыра алды, әсіресе жазда»,- делінген хабарламада. 

Осыған дейін Алматыда күзгі ағаш отырғызу науқаны басталғаны туралы жазған едік.