Күзге дейін Алматыда екі көше ішінара жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қожанов және Жароков көшелерінде 1 қыркүйекке дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі. 

Күзге дейін Алматыда екі көше ішінара жабылады
Фото: Александр Павский/Kazinform

«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше, алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Бостандық ауданында 1984 жылы пайдалануға берілген шамамен 2,7 шақырым жылу магистралін ауыстыру көзделіп отыр. Осыған байланысты қаланың екі көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

—10 маусымнан бастап 1 қыркүйекке дейін көлік қозғалысы Қожанов көшесінің бойымен Гагарин көшесінен бастап Жароков көшесіне дейін, сондай-ақ Жароков көшесінің бойымен Қожанов көшесінен бастап Дунаевская көшесіне дейін оңтүстік бағытта көлік қозғалысы шектеледі. Солтүстік бағытта көлік қозғалысы екі бағытта ұйымдастырылады, — делінген хабарламада.

Күзге дейін Алматыда екі көше ішінара жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

 

Аталған жылу құбыры 97 көпқабатты тұрғын үйді, 12 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 2 медициналық мекемені және 27 өзге де нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Қайта жаңғырту жұмыстары кезінде тұрғындарға ыстық су үздіксіз беріледі. Осы жылы қала бойынша 39 км жылу трассасын жаңғырту көзделген. Бұл тозу деңгейін 54 пайызға төмендетеді.

Осыған дейін Алматыда бірнеше көше екі айға жабылғаны туралы жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар