Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды - ҚР Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Еліміздің барлық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде әскерге шақыру комиссиясының жұмысы басталды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Әскерді кейінге қалдыру немесе әскерден босатылу құқығы жоқ он сегіз бен жиырма жеті аралығындағы ер балалар Қазақстан әскерінің қатарын толтыруда.

Үстіміздегі жылдың күзінде мерзімді әскерге 14 мыңнан астам ер балаларды шақыру жоспарлануда. Оның ішінде шамамен 6 мыңға жуығы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде қызметтерін атқармақ, қалғандары - Республикалық гвардияда, ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінде, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерінде Отан алдында борыштарын өткереді.

2012 жылғы күзгі әскерге шақырудың ерекшелігі - шақырылушыларға қойылатын талаптардың өсуінде, атап айтсақ денсаулыққа, моральдық-психологиялық тұрақтылық пен білім деңгейіне қатысты бөлігінде.

ҚР Қарулы күштері қатарына көбінесе жоғары немесе арнайы орта білімі бар жастар шақырылатынын айта кеткен жөн. Бұл өз кезегінде бір жылдық әскери қызметтің ішінде әскери дайындыққа қажетті дағдыларды меңгеріп алуға жақсы көмектеседі.

Үстіміздегі жылдың ақпан айында «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң қабылданған еді, онда әскерге шақырылушы жастар үшін жауапкершілік тек қана әскери қызметшілердің мойнында ғана емес, сонымен қатар оған жергілікті денсаулық  сақтау мемлекеттік мекемелері мен жергілікті орындаушылық органдар да жауапты деп  анық жазылған.

Медициналық куәландыруды жақсарту бойынша қосымша шаралар қабылданған. Бүгінде әскерге шақырылушы есірткі тестісінен өтеді, гепатит, туберкулез сияқты ауруларды анықтауда зертханалық зерттеу жұмыстарына деген талаптар өсті.

Соңғы жаңалықтар