Құжаттарды дер кезінде дайындамаудан «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы уақытынан кешігіп отыр ? Бас прокуратура

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс жөніндегі комитетінің 2008 жылы салынуы тиіс нысандардың типтік жобаларын мерзімінен кешіктіруі салдарынан республикада 18 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталмай қалған.
None
None
Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов журналистермен болған брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзінше, бұған қоса жергілікті әкімшіліктердің жекелеген жобаларды дайындамауы себебінен тағы 6 нысанның жұмысы басталмай қалған. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының уақытынан кешіктірілуінің басты себептерінің бірі тиісті құжаттарды шектен тыс ұзақ уақыт дайындаудан болып отыр. Бір қызығы, жобалау мекемелері өз міндеттерін талапқа сай орындамай отырғандығына қарамастан, жергілікті органдар оларға қатысты ешқандай шара қолданбай отыр. Ал құжаттар уақытында дайындалмаған соң құрылыс нысандарына қатысты сатып алу шаралары келесі жылға қалдырылып, бюджет қаржысы толық игерілмей қалуда. Осы тектес кемшіліктер Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында анықталды», деді ресми өкіл.
Соңғы жаңалықтар