Құзырлы орган өкілдерінен зорлық көрген қызылордалықтың ісін прокуратура бақыламақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық прокуратурасы Қызылорда қаласының тұрғыны Жанар Ізбасардың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі шағымына түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы орган өкілдерінен зорлық көрген қызылордалықтың ісін прокуратура бақыламақ

Айта кетейік, бұған дейін Жанар Ізбасар өзінің парақшасы арқылы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тарапынан азаптауға ұшырағандығын айтқан болатын.

«Жанар Ізбасардың 2017 жылғы 3 қарашада жарияланымда көрсетілген мәліметтеріне қатысты арызы облыстық прокуратураның СДТТБТ-не ҚР 146-бабы 2-бөлімі 1 және 3 тармақшаларымен тіркелді», - деді Қызылорда облысының прокуроры Халидулла Дәуешов.

Қазіргі таңда арнайы прокурорлармен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, қылмыстық істің барысы ерекше бақылауға алынған.