Квазимемлекеттік сектор ұйымдарының аудиті жеке секторға тапсырылады - Қ.Жаңбыршин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Квазимемлекеттік сектор ұйымдарындағы қаржылық аудит жеке компанияларға беріледі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәлімдеді, деп хабарлады ortcom.kz.
None
None

«Заңнамаға тиісті түзетулер енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бәрі дайын болғаннан кейін корпоративтік сектордағы аудит үшін арнайы көрсеткіштер мен өлшемдер аталатын болады», - деді спикер. Есеп комитеті төрағасының пікірінше, бұл қызметтерді жеке ұйымдарға беру тексерістерді анағұрлым сапалы етуге мүмкіндік береді, ал бұл келешекте бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін жақсартатын болады.

Соңғы жаңалықтар