Квазимемлекеттік секторда сатып алулар форматы өзгереді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінде сатып алу туралы рәсімдері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Квазимемлекеттік секторда сатып алулар форматы өзгереді

«Қаржы министрлігі Президент тапсырмаларының тез арада орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдауда. Квазимемлекеттік секторда бірыңғай сатып алуды енгізу жөніндегі заңға қатысты тоқталсақ, биылғы 28 тамызында «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінде сатып алу туралы» заң жобасы Үкіметке енгізілді. Заң жобасы барлық рәсімдердің 100 пайызын электрондық форматқа көшіру арқылы сатып алулардың ашықтығын арттыруға бағытталған. Барлық реттелетін сатып алуларды Бірыңғай терезе арқылы өткізу жоспарлануда», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, 2019 жылы қолданыстағы сатып алу алаңдарының негізінде «сатып алудың бірыңғай терезесі» порталы құрылды. «Атамекен» ҰКП бірыңғай терезе операторы болып анықталды.

Сонымен бірге, бірыңғай терезенің толыққанды жұмыс істеуі үшін жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополия субъектілерінің сатып алу алаңдарымен ықпалдасу қажет.