КВИ бойынша республикалық және аймақтық мәліметтер неге сәйкес келмейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда КВИ бойынша статистикада неліктен республикалық және аймақтық мәліметтер кейде сәйкес келе бермейтінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

КВИ бойынша республикалық және аймақтық мәліметтер неге сәйкес келмейді

«Коронавирус инфекциясы бойынша статистика күн сайын жүргізіледі. Біздің аймақтық департаменттер мен тест жүргізетін зертханалар ақпараттық жүйелер аясында КВИ жұқтырғандардың санын тіркеп отырады. Мәліметтер минут сайын жаңаратындықтан әлбетте аймақтық деңгейде КВИ жұқтырғандардың саны бойынша жаңалық Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда жаңалау әрі жеделірек. Міне айырмашылық осындайда пайда болуы мүмкін», - деді Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін комитет төрағасы елімізде коронавирус жұқтырған 306 адам ауыр жағдайда жатқанын хабарлаған болатын.