КВИ-ге қарсы «Комирнати» вакцинасының 500 мыңнан астам дозасы әкелінеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Словакияның денсаулық сақтау министрлігімен «Комирнати/Омикрон» (Пфайзер) вакцинасының 500 мыңнан астам дозасын өтеусіз негізде жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өндірушінің нұсқауларына сәйкес, «Комирнати/Омикрон» вакцинасы бұрын КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың бастапқы толық курсын алған 12 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау үшін ғана ұсынылады. Бұл вакцинаны вакцинациялаудың толық курсы үшін қолдануға болмайды.

Вирустың айналымдағы және үнемі өзгеріп отыратын штамдарынан жақсы қорғауды қамтамасыз ету мақсатында вакцина өндірушілер вирустың штамдық құрамына тұрақты мониторинг жүргізеді және вакциналардың құрамын жаңарту бойынша шаралар қабылдайды.

«Комирнати/Омикрон» вакцинасы – коронавирус штамының жаңа нұсқаларын ескере отырып жаңартылған және құрамында Omicron BA 4 және BA.5 субварианттары бар вакцина.

Елге келгеннен кейін «Комирнати/Омикрон» вакцинасы өңірлер бойынша таратылады және коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинациялау үшін қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында вакцинацияның толық курсын алу, сондай-ақ халықты ревакцинациялау үшін «КазВак» (ҚР), «Синофарм» (Қытай), «Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) вакциналары бар.

COVID-19 Омикрон штамы бүкіл әлемде айналымдағы басым нұсқа болып қала береді, оның үлесіне Қазақстан Республикасында зерттелген үлгілердің 99,8%-ы тиесілі. Аталған штамдардың соңғы реттілігі ВА.4, ВА.5 және 0,5% BQ.1 (Цербер) нұсқаларының 99,5%-ы айналымда екенін көрсетті.

Коронавирустан қорғаудың жалғыз тиімді және қауіпсіз әдісі – вакцинациялау, сонымен қатар иммундық реакцияны ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін күшейткіш.

Осыған байланысты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел халқын КВИ-ге қарсы ревакцинациялауға және ұжымдық иммунитетті қолдауға және осы инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеуге өз үлесін қосуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар