Квота аясында «Болашақ» стипендиясына құжаттар қабылдау басталды

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Квота аясында «Болашақ» стипендиясына құжаттар қабылдау басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның баспасөз орталығына сілтеме жасап.

ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында 2010 жылғы қаңтар бойы бірнеше санаттарға арналған құжаттар қабылдау ашылады. Олар - ҚР бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын немесе техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, ауылдық елдi мекендерде орналасқан білім беру ұйымдарында кемінде 9 жыл оқыған арнаулы жоғары білім, бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер; конкурсқа қатысу сәтінде соңғы 3 жылда мемлекеттік қызметте үзіліссіз жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметші болып табылатын магистр дәрежесін алуға, клиникалық ординатурада оқуға үміткерлер; конкурсқа қатысу сәтінде мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының, мемлекеттік білім ұйымдарының соңғы 3 жылда ғылыми немесе педагогикалық жұмыс өтілі бар ғылыми немесе педагог қызметкерлер болып табылатын магистр дәрежесін алуға, клиникалық ординатурада оқуға үміткерлер; конкурсқа қатысу сәтінде мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және жоғары білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлері болып табылатын, конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған сәттегі соңғы жылды қоса алғанда, көрсетілген мекемелерде ғылыми қызметкер ретінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлер.

Толық ақпаратты «ХБО» АҚ-ның www.edu-cip.kz ресми сайтынан алуға болады.

Соңғы жаңалықтар