Квота шеңберінде 30 кәсіпкер пияз экспорттауға рұқсат алды - министрлік
АСТАНА. ҚазАқпарат – Пияз елден шығаруға салынған шектеу алынып тасталғаннан бері 30 кәсіпкер квота шеңберінде экспорттауға рұқсат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы министрлігі таяуда пияз экспортына салынған шектеудің күшін жойды. Дегенмен, шет елге шығаруға 20 мың тонна көлемінде квота белгіледі.
Ведомство ақпаратына сай, 12 сәуірге дейін 30 кәсіпкер 3 415 тонна пиязды өзге мемелекеттердің нарығына шығаруға рұқсат алған. Квота бойынша енді 16 584 тонна қалып отыр.
Тоқтала кетсек, жақында жауапты министрлік 28 сәуірге дейін Қазақстан аумағынан 20 000 тонна пиязды үшінші мемлекеттерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге квота енгізген болатын.