Қылқобыз аспабына арналған хрестоматия жарық көрді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қылқобыз аспабына арналған хрестоматия жарық көрді,

Қылқобыз аспабына арналған хрестоматия жарық көрді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Білім» баспасынан шыққан еңбек 3 бөлімнен тұрады. Авторы қылқобызшы-педагог, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрметті қызметкері, «Жаңашыл-педагог» Әбдіманап Жұмабекұлы. Кітаптың алғысөзін жазған өнертанушы профессор Пернебек Момынұлы, ал сарапшылық пікірлерді жазғандар өнертану ғылымының докторы Сара Күзембаева, профессор Меруерт Кәленбаева, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Оқан Абдуллаев. ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен, Мәдениет және Ақпарат министрлігі қолдаған бұл хрестоматиялық жинақты Қазақстандағы барлық музыкалық оқу орындары көптен күткен еді. Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі барлық музыка мектептері мен колледждеріне, консерваторияға, университеттер мен музыка академияларына аса қажет хрестоматияның таныстырылымы қаңтардың 22-і күні өтеді.