Қылмыс әлемінің «серкесі» Сәдуақасовтың ісі сотқа берілді

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қылмыс әлемінің «серкесі» әрі «беделдісі» Сәдуақасовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді.
None
None
Бұл туралы бүгін Астана қаласының Ішкі істер департаменті Тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл азамат қылмыс әлеміндегі басбұзарлардың беделін нығайту мақсатында қорқытып-үркіту арқылы жеке азаматтар мен ұйымдардан ақша жинап отырған. Ол есірткі саудасымен айналысатындардың ұйымдастырушысына айналған. Павлодар, Қарағанды және басқа да аймақтардағы қылмыстық топ жетекшілерімен, сондай-ақ Ақмола облысына қарасты Гранитный және Аршалы маңайындағы түрмелерде отырғандармен тығыз байланыста болған. Қазіргі кезде Сәдуақасовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді», - дейді Н.Ораз.
Соңғы жаңалықтар