Қылмыс жасап іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Шығыс Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары Бородулиха ауданында 1999 жылы жасалған қылмыстың бетін ашты. Арнайы жүргізілген жедел-сауықтыру шараларының барысында Ресейдің Түмен қаласынан Павлодардың 37 жасар тұрғыны ұсталып, ол өзінің 33 жасар азаматты өлтіргендігін мойындады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, қазіргі таңда ол қылмыстық іс қозғау үшін елімізге экстрадицияланған. Сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитетінің өкілдері Астанада 48 жасар Ресей азаматын қолға түсірген. Оны Омбы облыстық Ішкі істер басқармасы адамға аса ауыр дене жарақатын салғаны үшін 2004 жылдан бері іздеп жүрген. Қазір аталмыш азаматты Ресей аймағына экстрадициялау мәселесі талқылануда. Сондай-ақ Қазақстанның Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Алматы қаласының полицейлері 36 жасар Қырғыстан азаматы Эльдар Сағыналиевті қолға түсірді. Оны қырғыз Үкіметі алаяқтық әрекеті үшін іздестіріп жүрген. Қазіргі таңда ұсталған азаматты еліне қайтару мәселесі қаралуда.

Соңғы жаңалықтар