Қылмыс жасаудан бас тартқан адам үшін келтірілген зиянның орнын толтыру және қалыпты өмірге оралу бойынша жағдайлар жасалған жөн - Қ. Мәми

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қылмыс жасаудан бас тартқан адам үшін келтірілген зиянның орнын толтыру және қалыпты өмірге оралу бойынша жағдайлар жасалған жөн. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми өзінің блогында
None
None

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту» деген мәселеге қатысты өз пікірін осылай білдіреді.

«Мемлекет Басшысы өзінің ел халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен табанды күрестің, тиімді құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ескерту және олардан сақтандыру үшін қоғам күштерін нығайтуды көздейтін сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын әзірлеудің қажеттілігін ерекше атап өтті. Бұл мәселе бойынша заң қабылдау, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кешенді бағдарламаны әзірлеу тапсырылды, - дей келе Сенат спикері бұл бағытта атқарылып жатқан кешенді шараларға тоқталады.

Алайда, Төрағаның айтуынша, қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, сыбайлас жемқорлықтың таралымы, оның ауқымы әлі де алаңдаушылық тудырады. «Осыған байланысты осы кезеңде бұл теріс құбылысқа қарсы іс-қимылдың жаңа стратегиясын әзірлеу қажеттілігі туындады. Әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сыбайлас жемқорлықты мүлдем жойып жіберу мүмкін емес. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлық факторлары шеңберінің барынша тарылуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті сыбайлас жемқорлықпен күрестің мақсаты оның барлық көріністерін тиімді баса алатын және шектей алатын тұрақты қызмет етуші жүйені құру болуы тиіс. Ол үшін сыбайлас жемқорлықтан сақтандыруға сүйене отырып, құқық қорғау құрылымдарының қызметін қайта бағыттау, ал олардың жұмысының нәтижелілігін оның алдын алу бойынша қол жеткізілген көрсеткіштермен өлшеу қажет», - дейді спикер.

Сонымен қатар, Төраға бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігі негізінен атышулы сандық көрсеткіштермен өлшенетінін айтып өтеді. «Мәселен, статистика мәліметтері бойынша, соңғы бірнеше жылда біздің елімізде сыбайлас жемқорлық құқық  бұзушылықтарын жасағаны үшін ондаған мың адам әр түрлі жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы жайлы қате көзқарас қалыптасуы мүмкін. Мына бір ерекшелікті де атап өту қажет: біздің еліміз саны бойынша салыстырмалы түрде үлкен емес және біз әлеуметтік тұрғыда құқық бұзушылардың жыл сайынғы артуына неғұрлым сезімтал тұлғаларға айналудамыз. Қылмыстық ізге түсудің шеңберіне түскен тұлғалар, бұл, ең алдымен, біздің отандастарымыз. Олар қоғамның, шынында - үлкен отбасының оларға тән құқықтары мен міндеттері бар мүшелері болып табылады.

Сол себепті ықпал ету шаралары, соның ішінде жаза қатаң болып қана қоймай, ақталу мүмкіндігін ұсынумен қалпына келтіруші және экономикалық сипатқа ие болулары тиіс. Осылайша  қылмыс жасаудан бас тартқан адам үшін келтірілген зиянның орнын толтыру және қалыпты өмірге оралу бойынша жағдайлар жасалған жөн. Осы жерде медиация және жақын арада құрылған пробация институттарының барлық мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Әрине, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың барлық басымдықтары тиісті заңнамалық сүйемелдеуді, сәйкестелген ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және идеологиялық қамсыздандыруды қажет етеді», - деген спикер осы мәселелердің әрқашан Қазақстан Республикасы Парламентінің назарында тұратынын еске салады.

Соңғы жаңалықтар