Қылмыскер балабақша бүлдіршіндерін кепілдікте ұстап отыр
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Қылмыскер сейсенбі күні таңертең Франция астанасына жақын орналасқан Витри-сюр-Сен қаласындағы балаьбақша ғимаратында бірнеше адамды кепілдікте ұстап отыр.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 07:30-да Эдуард Тиль көшесіндегі Шарль Перро атындағы балабақшада болды. Қылмыскер 3-12 жас аралығындағы бірнеше баланы және ересектерді кепілдікке алды. Кейіннен балаларды босатты.
Кейбір мәліметтер бойынша, бұл балабақшадағы балалардың бірінің әкесі. Балабақша ғимараты қорщауға алынып, жақын жердегі үйлердің тұрғындары көшірілді. Полиция қылмыскермен келіссөздер жүргізе бастады.