Қылмыскер екендігін білген ер адам полицияға өз аяғымен барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорнияның Сан-Леандро қаласының тұрғыны Кристофер Виатафа қызық үшін өзінің есімін Google іздеу жүйесіне енгізген.
None
None

Оның алғашқы нәтижесі полиция штатының сайтына енгізілген суреті болып шыққан.

Виатафа бұған таңданып та қалған. Дегенмен полиция учаскесіне барып, өз еркімен берілген, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Белгілі болғандай, ер адам іздеу салынған қылмыскерлердің тізіміне өткен жылдың тамызында іліккен. Онда ол бір кеште қонақтардың бірімен керісіп қалып, тапаншадан жерге қарата оқ атқан. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген, алайда мұны көргендер полицияға шағымданған. Тап сол кезде оны оқиға орнында ұстауға қандай жағдай кедергі болғандығы әзірше белгісіз болып отыр.

Соңғы жаңалықтар