Қылмыскерлер әрекетінен зардап шеккендер туралы ақпаратты ұсыну үшін тікелей желі ұйымдастырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық топтардың іс-әрекеттері салдарынан зардап шеккендер мен із-түзсіз жоғалып кеткендер туралы ақпаратты халыққа ұсыну үшін 1414 call-орталығының базасында тікелей желі ұйымдастыруды тапсырды.

Қылмыскерлер әрекетінен зардап шеккендер туралы ақпаратты ұсыну үшін тікелей желі ұйымдастырылады

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, қылмыстық топтардың іс-әрекеттері салдарынан зардап шеккендер мен із-түзсіз жоғалып кеткендер туралы ақпаратты халыққа ұсыну үшін 1414 call-орталығының базасында тікелей желі ұйымдастыруды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың сайтында хабарланды.

Бұған дейін Президент Үкіметке бірқатар шұғыл тапсырма бергенін хабарлаған болатынбыз.