18:59, 23 Қазан 2012 | GMT +5
Қылмыскерлер тарапынан ең көп зардап шегетіндер жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі жандар - Халықаралық құқық қорғау орталығының президенті
АЛМАТЫ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау мәселесі жұма күні Парламент Сенатының арнайы отырысында көтерілді. Оны Халықаралық құқық қорғау орталығының президенті Жанділдә Жақыпов бүгін Алматыда өткен «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қамтамасыз ету» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтты.
«Онда ҚР Ұлттық қауіпсізідк комитпетінің және ҚР Ішкі істер министрлігінің басшылары мәлімдеген статистикалық деректер бәрімізді қатты қынжылтты. Олардың келтірген мәліметтеріне қарағанда, қылмыскерлер тарапынан ең көп зардап шегетіндер жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі жандар екен. Сондықтан ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғауда үкімет ауқымды іс-шараларды жүзеге асырып, бұл бағытта үлкен өзгерістерді бастады», - дейді Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі Ж.Жақыпов. Оның айтуынша, ҚР Мүгедектерінің құқықтарын қамтамасыз ету мен өмір сүру деңгейін жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңі 2012-2013 жылдарды қамтымақ.